Ректордың жолдау сөзі

 

Ректор, техника ғылымдарының докторы, профессор,

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі

Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлының

 

Алғы сөзі

 

     Жоғары оқу орны - бұл білім мен ғылым ордасы, жастық пен даналық тұтастығы. Университет оның табалдырығынан алғаш аттаған әрбір жас тұлға үшін толқу мен қуаныш сезімін, өз ісінің кәсіби маманы болуды, жаңа достарды, үздік оқытушыларды кездестіру тілегін туындатады.

    Біз студенттік өмірімізді, құрдас-достарымызды, өз ұстаздарымызды жиі еске аламыз. Білім алған орданы аралағымыз, сабақ өткен дәрісханаларды көргіміз, жаңа жас буын студенттерімен сұхбаттасқымыз, оларды қызықтыратын, толғандыратын мәселелерді, өзінің өмірлік сәттілігіне қалай ұмтылатындығын, өз алдына қандай мақсаттар қоятындығын білгіміз келеді.

    Өзіңіз білім алған университетіңіздің есігі Сіз үшін арқашан ашық! Университетпен байланысыңызды үзбеу үшін, Сіз М.Әуезов атындағы ОҚМУ түлектері Ассоциациясы мүшесі бола аласыз.

    М.Әуезов атындағы ОҚМУ түлектері Ассоциациясы – бұл Қазақстанның барлық қалаларында және шетелдерде тұратын жоғары интеллектуалды, белсенді, шығармашыл тұлғалар бірлестігі, оларды студенттік-жастық өмір дәстүрі байланыстыратынын әрқашан есте сақтайды.

    Түлектер Ассоциациясының мақсаты - жаңа қоғам мамандарын даярлау және университет пен оның түлектері арасындағы өзара тиімді қатынасты орнату болып табылады. ОҚМУ түлектері Ассоциациясы әралуан іс-шаралар, үздіксіз білім беру бағдарламалары, оn-line қызмет, сондай-ақ түлектерге арналған университеттің арнайы іс-шаралары көмегімен түлектердің университетпен және басқа да түлектермен байланыс орнатуды қалыптастырады.

    ОҚМУ ұсынатын барлық біліктілік, академиялық және ғылыми дәрежелердің иегерлері: университет түлектері, бакалаврлар, магистрлер, аспиранттар мен докторанттар, ғылыми кандидаттар мен докторлар Ассоциацияның тұрақты мүшелері болып табылады.

    М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың беделін көтеруге ат салысып, мансап құруда, бизнесте жоғары дәрежеге қол жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар кадр даярлауда және университеттің материалдық-техникалық базасын нығайтуда шынайы көмек көрсетіп жүрген түлектеріміз С.С.Сейтжановқа, Б.А.Жылқышиевқа, А.Жетпісбаевқа, А.С.Суворовқа, Л.Х.Франгулиди және т.б. алғысымыз шексіз.

    Университет өз түлектерін мақтан тұтады. Сондықтан Ассоциация мақсаты – түлектерді біріктіру, олардың кәсіби өсуіне көмек көрсету, лауазымының жоғарылауы мен табысқа қол жеткізуіне ықпал ету.

    Құрметті түлектер, университетке қош келдіңіздер! Біз сіздермен кездесуге қуаныштымыз! Сіз жөніндегі әрбір хабар біз үшін өте қажет әрі қымбат.

    Сіздерді қызметтестік-серіктестікке шақырамыз!