Ассоциация жайлы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ түлектері Ассоциациясы қазіргі таңда М.Әуезов атындағы ОҚМУ негізінде жұмыс жасайды.

 

Ассоциацияның мақсаты:

- нарықтық экономиканы есепке ала отырып, университет мамандықтарының даму перспективасын айқындау, анықтау;

- университеттің әлеуметтік-бағдарлық, әріптестік қатынастарын қолдау мен дамыту механизмін биліктің атқару жүйелерін, жұмыс берушілермен және кәсіпкерлікпен кіші бизнесті қолдау және дамыту аясында бірлесе отырып жүзеге асыру;

- жоғары білікті мамандар дайындауды қамтамасыз ету;

- нарықтық экономика жағдайында сұранысқа ие кәсіпкер мамандарды дайындау;

- инновациялық және жаңа үнемді жобаларды жасау және оларды енгізу.

 

Серіктестік туралы ұсыныстар портфолиосы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің өзара тиімді шарттары

 

ОҚМУ-і тарапынан:

  1. М.Әуезов атындағы ОҚМУ түлектерінің "Біздің университеттің мақтанышы" атты альбомын шығару;
  2. М.Әуезов атындағы ОҚМУ түлектерінің Галереясын жасау;
  3. ОҚМУ-нің "Университет" баспасында түлектердің жеке жетістіктерін, ғылыми ізденістер жайлы мақалалар жариялау;
  4. Түлектердің келбетін (имидж) қолдау, (республикалық, облыстық журналдарда, телевизиялық дәстүрлерде) олар туралы мәліметтер жариялау;
  5. ОҚМУ-нің "Құрмет грамотасымен" марапатталуға құқылы болу;
  6. ОҚМУ-нің құрметті академиялық профессоры дәрежесін беру;
  7. Кәсіби шеберлік бойынша ашық лекциялар өту;
  8. "Бас жұмыс орындары жәрмеңкесін" өткізу;
  9. Өндіріс орындарында енгізу үшін ғылыми жобалар жәрмеңкесін өткізу;
  10. ОҚМУ ғалымдарының ғылыми жобаларында қатысу мүмкіншілігін беру;
  11. Түрлі іс-шаралар өткізу үшін университеттің "Акт залын" ақысыз (тегін) ұсыну (480 орындық);
  12. Кітапхана, диссертациялық зал, ғылыми-зерттеужұмыстарының есеп қоры және интернет қызметтерін тегін пайдалану.  

 

Түлектер тарапынан:

  1. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ін үгіт-насихаттау;
  2. Ассоциацияның қызметіне қатысты кез-келген мәселелерді талқылау;
  3. Университет баспаларында ғылыми-мақалаларын, жарнамаларын жариялау;
  4. Университетке демеушілік көмек көрсету;
  5. Бітірушілерді жұмысқа орналастыру шараларына (мүмкіндігінше) қатысу, ат салысу;

Студенттердің кәсіби іс-тәжірибе базасын кеңейтуде (мүмкіндігінше) көмек көрсету.