Жаңалықтар және хабарландырулар

Құрметті ОҚМУ бітірушілері және біздің сайтты пайдаланушылар!!!

 

2010 жылдан бастап біздің университеттің базасында "М.Әуезов атындағы ОҚМУ түлектер Ассоциациясы" құрылды.

Ассоциацияның мақсаты нарықтық экономиканың талаптарын ескере отырып, университет мамандықтарының даму перспективасын анықтау, университеттің әлеуметтік бағдарлау әріптестік қатынастарын қолдау мен дамыту механизмін биліктің атқару жүйелерімен, жұмыс берушілермен, кәсіпкерлікпен кіші бизнесті қолдау және дамыту аясында бірлесе отырып жүзеге асыру, білікті мамандар даярлаумен қамтамасыз ету, нарық жағдайында талап етілетін мамандар даярлау, инновациялық үдемелі жобалар даярлау мен ендіру болып табылады.

ОҚМУ Түлектер Ассоциациясы түрлі іс-шаралар, үздіксіз білім беру бағдарламалары, on-line қызметтер, сондай-ақ университеттің арнайы іс-шаралары арқылы түлектердің университетпен және басқа да түлектермен байланыс орнатуына қолдау көрсетеді.

Ассоциация студенттердің кәсіби және шығармашылық қызметтің түрлі бағытында жетістікке ие болған университет түлектерімен кездесу ұйымдастырады. Баспасөз беттерінде ОҚМУ түлектері туралы ақпараттар жариялап отырады. ОҚМУ түлектерінің карьералық дамуы мен кәсіби өсуінің табысты тарихынан тұратын альбомдар шығарады.

Ассоциация университетпен өз түлектері жұмыс істеп жүрген кәсіпорындары мен ұйымдар арасындағы байланысты нығайта отырып, қабілетті және талантты жас ғалымдар мен студенттерге жан-жақты қолдау көрсетеді. Жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардың тығыз байланысы еліміздің экономикасы үшін жоғары нәтиже береді.

Университет түлектерінің жетістігі – бұл өздері түлеп ұшқан оқу орнының қызмет нәтижесі, Қазақстандық және әлемдік білім беру жүйесінде университеттің бәсекеге қабілеттілігінің жарқын үлгісі, еліміздің бет-бейнесі. Университет өз түлектерімен қуатты. Сондықтан Ассоциацияның мақсаты –түлектерді біріктіру, олардың тұлғалық және кәсіби дамуына көмектесу, қызметтік өрлеуі мен табысқа қол жеткізуіне ықпал ету.

Сіздің кәсіпорныңызда қызмет жасап жүрген біздің түлектерімізді және      Сізді  ОҚМУ-дың Түлектер Ассоциациясына мүше болуға шақырамыз, сондықтан да жұмыс беруші ретінде www.av.ukgu.kz сайтына тіркелулеріңізді өтінеміз.

Сіздерді ынтымақтастыққа және жас буындарды тәрбиелеуге, оларда отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру жұмыстарына атсалысуға шақырамыз!

 

2010 жылдан бастап «М.Әуезов атындағы ОҚМУ бітірушілер Ассоциациясы» біздің университеттің базасында құрылды.

 

Ассоциацияның мақсаты мыналар: нарықтық эканомиканың талаптарын ескере отырып университет мамандықтарының даму перспективасын анықтау; университеттің әлеуметтік бағдарлау; әріптестік қатынастарын қолдау мен дамыту механизмін биліктің атқару жүйелерімен; жұмыс берушілермен кәсіпкерлікпен кіші бизнесті қолдау және дамыту аясында бірлесе отырып жүзеге асыру; білікті мамандар даярлаумен қамтамасыз ету; нарық жағдайында талап етілетін мамандар даярлау; инновациялық үдемелі жобалар даярлау мен ендіру.

«М.Әуезов атындағы ОҚМУ бітірушілер Ассоциациясы» университет бітірушілері мен және басқа да бітірушілермен байланыс жасауға, түрлі іс-шаралар өткізуге, үздіксіз білім беру бағдарламаларын, онлайн қызметтерін, сондай-ақ бітірушілерге арналған университеттің арнайы іс-шараларын өткізуге қолдау көрсету.

Ассоциация студенттердің кәсібі және шығармашылық қызметтің түрлі бағытында жетістікке ие болған университет түлектерімен кездесу ұйымдастарады. Баспасөз беттерінде ОҚМУ түлектері туралы ақпараттар жариялап отырады. ОҚМУ түлектерінің карьералық дамуы мен кәсіби өсуінің табысты тарихынан тұратын альбомдар шығарады.

Университет өз түлектерімен мақтанады. Сондықтан Ассоциацияның міндеті-түлектерді біріктіру, олардың жеке және кәсіби өсуіне көмектесу, олардың қызметі мен табысына мол ықпал ету.

Біздің түлектеріміздің жетістігі - университеттің жетістігі. Біз белгілі бір биіктіктерді бағындырған түлектерімізді мақтан тұтамыз.

Құрметті түлектер мен сайтымызды пайдаланушылар біздің Ассоциациямызға қош келдіңіздер!!!